Қазақстан үкіметі зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Жалпы алғанда халықаралық тәжірибе зейнет жасын төмендетуді көздемейді. Бүгінде бұл мәселені шахтерлер ғана көтеріп жүрген жоқ. Мүгедек баласы бар аналар да қозғап жүр. Сол себепті біз талқылаймыз»-деді.