Ішкі істер министрінің орынбасары шымкенттік полицейлердің жұмысын сынға алды. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Шымкентке сапары барысында қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, генерал Қайрат Дәлбековке қатысты сөгіс жариялау туралы бұйрық шығарылғанын хабарлады. ПД басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы, рота командирі мен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері, Абай ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің жасаған қылмыстары мен құқық бұзушылықтары себеп болды.