2022 жылы шағын аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қалалық бюджеттен 154,5 млн.теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекемені анақтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Анықтама:
Құрсай ш/а Жаңақұрылыс (электр және газ);
Жұлдыз, Жалын е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
Қаратөбе е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
Қарабастау е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
Еламан, Сиреновая көшесі е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
Тәуелсіздікке 20 жыл е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
Сонымен қатар, жыл басынан қала әкімінің халықпен кездесуде елді мекендерді аралау барысында, берілген тапсырмаларына сәйкес, инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағын аудандарыды қамтамасыз ету үшін, жеке инвестиция есебінен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.
Анықтама:
Айқап ш/а (кәріз);
Ақжайық ш/а (кәріз)
Ынтымақ-2 ш/а (табиғи газ);
Асар-2 ш/а 2-кезек (ауыз су, газ, электр, кәріз);
Бозарық ш/а Жаңақұрылыс (ауыз су, газ, электр, кәріз);
Таскен ш/а Жаңақұрылыс (ауыз су, газ, электр, кәріз);
Сайрам т/а (ауыз су);
2022 жылдың қорытындысымен 13 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасының әзірленуін аяқтап, сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.
2023 жылдың бюджетін нақтылау барысына құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданады.
© Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан