Шымкенттің кей мектептерінде санитарлық талап сақталмай тұр. Дәстүрлі түрде оқуын жалғастырған оқушылар білім ордасында бетпердесіз жүруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ сыныптарда ара қашықтық сақтау мәселесі ұмыт қалып барады. Мәселен Космедемянская атындағы № 23 мектеп лицейінде оқушының санитарлық талапты сақтауын қадағалап жатқандар жоқ. Ал, қалаға шалғай орналасқан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы елдімекеніндегі № 95 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары тар сыныпта отырып білім алуда.