Шымкентте қайырымды жандар қайырлы іс жасады. «Халықаралық дүние руханият қоғамдық қоры» сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге кезекті қаржылай көмегін көрсетті.Қайырымдылықты өздеріне міндет тұтқан жомарт жандар бұл жолы тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж отбасылардың үйді үйлерін аралап,олардың тұрмыс тіршілігімен арнайы танысып қайтқан.Олар аялы алақанға мұқтаж болған аналар мен көзінде мұңы бар сәбилердің жабырқау көңіліне жан жылуын ұялатты.