Шымкенттіктерге кофе ішуді үйреткен кім екенін білесіз бе? Ол шет елде жүргенде, «менің қаламның тұрғындары да осылай әдемі дәмханада қою кофе ішіп отырса екен» деп армандады. Алайда, оның жоспары мен жобасына көп адам: «Шымкенттіктер тек шай ішеді» деп тосқауыл қоюға тырысты. Ол мойыған жоқ. «Прокофи» өнімін нарыққа шығарып жіберді. Белгілі кәсіпкер басынан өткен осындай қызықты оқиғаларын «Қаратау» аудандық үшінші жастар форумында баяндап берді.