Оның ішінде 71 жайт ұрлық қылмысы болса, 6 тонау. Ал кісі өлтіру жайты бойынша бір қылмыс ашылған. Сонымен қатар, 11 автокөлік ұрлығы, 10 бұзақылық және басқа да қылмыстар ізін суытпай ашылып отыр.
Мәселен, өткен аптада тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның көлігін ұрлап кеткен ер адамды ұстады. Жәбірленушінің айтуынша «Hyundai Accent» маркалы автокөлігін дүкеннің жанында белгісіз біреу айдап кеткен. Көлік иесі азық-түлік дүкеніне бірнеше минутқа кіріп, қайта шыққанында көлігінің жоғалғанын анықтаған. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы 2 сағат ішінде күдіктіні ұстады. Автокөлік иесіне қайтарылды.
Сондай-ақ, бейнекамералар бойынша жедел басқару орталығының инспекторлары 40343 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп бұзушылар тиісті жауапкершілікке тартылды.