Вторник, 20 апреля, 2021
  • Біз туралы
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Байланыс
NAR.TV
  • БАСТЫ БЕТ
  • Жаңалықтар
    • ҚОҒАМ
    • БІЛІМ
    • МӘДЕНИЕТ
    • БИЗНЕС & ЭКОНОМИКА
    • СПОРТ
    • ОҚИҒА
    • МЕДИЦИНА
  • Бағдарламалар
    • Бір ауыз сөз
    • Нар терме
    • Нар тілек
    • Ашық әңгіме
    • Ерікті
    • Жастар лайф
    • Жүз жаңа оқулық
    • Қайсар жандар
    • Мәдени астана
    • Нар тұлға
    • Саулығыңды түзе
WhatsApp +7 (771) 661 41 41
ONLINE
No Result
View All Result
NAR.TV
  • БАСТЫ БЕТ
  • Жаңалықтар
    • ҚОҒАМ
    • БІЛІМ
    • МӘДЕНИЕТ
    • БИЗНЕС & ЭКОНОМИКА
    • СПОРТ
    • ОҚИҒА
    • МЕДИЦИНА
  • Бағдарламалар
    • Бір ауыз сөз
    • Нар терме
    • Нар тілек
    • Ашық әңгіме
    • Ерікті
    • Жастар лайф
    • Жүз жаңа оқулық
    • Қайсар жандар
    • Мәдени астана
    • Нар тұлға
    • Саулығыңды түзе
No Result
View All Result
NAR.TV
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

02/04/2021
Басты ақпарат, Жаңалықтар мұрағаты, Соңғы
0 0
0
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ротация тәртібімен Жетісай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Мұрат Болатұлы Қадырбектің кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауданды үш жыл басқарған Жамантай Бейсенбаевты құрметпен зейнет демалысына шығарып салып, ауданның өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына аянбай еңбек еткені үшін алғысын айтты.
«Жетісай ауданы ерекше аудан. Ең ірі аудан. Осы ауданның дамуына үлкен үлес қосып, көптеген жаңа бастамаларға мұрындық болған Жамантай Қанайұлын құрмет демалысына шығарып сала отырып, адал атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Арыс апаты кезінде өзін іскер, батыл басшы екенін көрсетті. Алда атқарылар істер көп.
Жаңа өндіріс орындарын ашуды, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту әрі қарай жүзеге асыру қажет. Ауыл шаруашылығын озық технологиялармен жабдықтап, инвестиция тарту керек. Қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтай отырып, аудан тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырамын», – деді облыс әкімі.
2018 жылы жаңадан құрылған Жетісай ауданын басқарып келген Жамантай Бейсенбаев аудан активінің алдында сөз алды. Ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, ризашылығын білдірді.
Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған Өмірзақ Естайұлы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.
Облыс әкімі ауданның жаңа басшысының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеп отыр. Мұрат Қадырбек өзіне сенім артқан барша азаматтарға алғыс айтып, Жетісай ауданының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Мұрат Болатұлы 1980 жылы Шардара ауданында туған. Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымында бастаған. 2004-2008 жылдары Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы № 2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы лауазымдарын атқарған. 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаментттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен. 2011-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттері басшысы – тәртіптік кеңес төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған. 2016 жылдан бері Арыс қаласының әкімі қызметін атқарды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
  • Танымал
  • Пікірлер
  • Соңғы жаңалықтар
Шымкентте екінші Аналар үйі ашылды

Шымкентте екінші Аналар үйі ашылды

04/09/2015
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ АБАЙ ӨЛЕҢІМЕН БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ АБАЙ ӨЛЕҢІМЕН БАСТАЛДЫ

01/09/2020
ЖҰМА НАМАЗ ҚЫСҚАРТЫЛЫП ОҚЫЛАДЫ

ЖҰМА НАМАЗ ҚЫСҚАРТЫЛЫП ОҚЫЛАДЫ

30/07/2020
ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!  РЫСҚҰЛОВ-ҚОНАЕВ ҚИЫЛЫСЫНДА ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! РЫСҚҰЛОВ-ҚОНАЕВ ҚИЫЛЫСЫНДА ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

13/10/2020
ОТЫРАР ӘКІМІ «АВАНС» АЛДЫ

ОТЫРАР ӘКІМІ «АВАНС» АЛДЫ

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚАШАН ҚҰТЫЛАМЫЗ?

Жаңалықтар 10.02.2017

1 НАУРЫЗ –ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

1 НАУРЫЗ –ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Шымкенттегі Бозарық подстансасы мамыр айында  пайдалануға беріледі

Шымкенттегі Бозарық подстансасы мамыр айында пайдалануға беріледі

15 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды

15 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды

15/04/2021
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

15/04/2021
ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫНА 19 СӘУІРДЕ ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫНА 19 СӘУІРДЕ ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

15/04/2021
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

05/04/2021
NAR.TV


Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі байланыс,ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 2015 жылы 2 ақпанда берілген.

ТЕЛЕАРНА ТУРАЛЫ

  • БАСТЫ БЕТ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА БЕРУ
  • ХАБАРЛАНДЫРУ
  • БАЙЛАНЫС

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: nartv2015@mail.ru
Телефон: 7252-39-52-39, +7 771 661 41 41
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Жибек Жолы 57Б

© 2020 / NAR.TV телеарнасы / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Хабарландыру
  • Бағдарламалар
    • Ашық әңгіме
    • Бір ауыз сөз
    • Ерікті
    • Жастар лайф
    • Жүз жаңа оқулық
    • Қайсар жандар
    • Мәдени астана
    • Нар терме
    • Нар тілек
    • Нар тұлға
    • Саулығыңды түзе
  • Жаңалықтар мұрағаты
    • Қоғам
    • Білім
    • Бизнес және Экономика
    • Қылмыс
    • Мәдениет
    • Медицина
    • Оқиға
    • Спорт

© 2020 / NAR.TV телеарнасы / Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Create New Account!

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist