Понедельник, 8 марта, 2021
  • Біз туралы
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Байланыс
NAR.TV
  • БАСТЫ БЕТ
  • Жаңалықтар
    • ҚОҒАМ
    • БІЛІМ
    • МӘДЕНИЕТ
    • БИЗНЕС & ЭКОНОМИКА
    • СПОРТ
    • ОҚИҒА
    • МЕДИЦИНА
  • Бағдарламалар
    • Бір ауыз сөз
    • Нар терме
    • Нар тілек
    • Ашық әңгіме
    • Ерікті
    • Жастар лайф
    • Жүз жаңа оқулық
    • Қайсар жандар
    • Мәдени астана
    • Нар тұлға
    • Саулығыңды түзе
WhatsApp +7 (771) 661 41 41
ONLINE
No Result
View All Result
NAR.TV
  • БАСТЫ БЕТ
  • Жаңалықтар
    • ҚОҒАМ
    • БІЛІМ
    • МӘДЕНИЕТ
    • БИЗНЕС & ЭКОНОМИКА
    • СПОРТ
    • ОҚИҒА
    • МЕДИЦИНА
  • Бағдарламалар
    • Бір ауыз сөз
    • Нар терме
    • Нар тілек
    • Ашық әңгіме
    • Ерікті
    • Жастар лайф
    • Жүз жаңа оқулық
    • Қайсар жандар
    • Мәдени астана
    • Нар тұлға
    • Саулығыңды түзе
No Result
View All Result
NAR.TV
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ШАҒЫНАУДАН АШЫЛЫП, 386 ҮЙ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

20/10/2020
Басты ақпарат, Жаңалықтар мұрағаты, Қоғам, Соңғы
0 0
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ШАҒЫНАУДАН АШЫЛЫП, 386 ҮЙ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
0
БӨЛІСУ
38
ҚАРАЛЫМ
Share on FacebookShare on Twitter

 

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алған Мақтаарал ауданының  тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Апат аумағында қираған үйлер қалпына келіп, Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтерді. 386 отбасын қуанышқа бөлеген қоныс той салтанатты түрде атап өтілді. Қоныс иелерінің қуанышымен бөлісу үшін Мақтаарал ауданына арнайы келген Премьер-министрдің орынбасары Р.Скляр, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев, Түркістан облысының әкімі

Ө. Шөкеев тұрғындарды құттықтап, баспана кілттерін табыстады. 

Алғаш боп сөз алған ҚР Премьер-министрінің орынбасары, төтенше жағдай жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Роман Скляр мақтааралдықтарды құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде ерекше қызмет атқарған бір топ азаматтарға ҚР Премьер-министрінің алғыс хаттарын табыс етті. Олардың арасында Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев пен Өзбекстан Республиасының төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулла Кулдашов та бар. 

Жаңа шағынаудан тұрғындарының қуанышына ортақтасқан облыс басшысы қиындықтың артта қалғанын айтып, әр отбасы үшін баспаналарының берекелі болуын тіледі. Сондай-ақ, облыс басшысы жаңа мөлтек ауданның құрылысына атсалысқан бірқатар азаматтарға ҚР Президентінің алғыс хаттары мен «Халық алғысы» медалін табыстады.

«Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы шекаралас екі ел үшін де оңайға соқпады. Апат айтып келмейді. Осы тосын жағдайды естіп, мақтааралдықтардың тағдырына алаңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мақтааралға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілді. Зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмады. Бүкіл ел болып көмек қолын созды. Қиындықтар артта қалып, осы сәт өмірлеріңіздің жарқын кезеңі болсын. Жаңа қоныстарыңыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін», – деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы. 

70 гектар жерде орналасқан жаңа қалашықтағы 386 үйге Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық елді мекендерінің тұрғындары көшіп келетін болады. Мұнда барлық инженерлік инфрақұрылым тартылған. Ауыз су, жарық, жылу мен кәріз жүйесі жасақталып, жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен бала-бақша және дәрігерлік амбулатория салынуда. Балалардың ойын алаңдары орнатылып, ағаштар отырғызылған. Желілік саябақ пен гүл бақтары мөлтек ауданның көркіне көрік қосып тұр.

 

Мамыр айында орын алған апат кезінде 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаудан құтқарылған халық Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен ашылған 24 эвакуациялық орынға орналастырылды. Мақтааралға бүкіл ел болып көмек қолын созды.

Көрші елден апат салдарымен күресуге арнайы техникалар мен 200 адам келді. Өзбекстандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізді. Егістік алқаптарды қалпына келтіріп, шитті мақта етуге атсалысты.

«Nur Otan» партиясы мен басқа да қазақстандық кәсіпкерлер апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуде елеулі үлес қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен 700 тоннадан астам келген азық-түлік пен гуманитарлық көмек келді. Су басқан аймақтағы әрбір тұрғын республика бюджетінен 100 мың теңгеден қаражат алды. «Болат Өтемұратов қоры» зардап шеккендерге үй салып беру үшін 6 млн. доллар бөлді.

Ресей кәсіпкері Әлішер Усмановтың қорынан эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударылды. Бұл қаржы 5202 отбасына (30 420 адам) 1000 АҚШ долларынан үлестірілді.

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен үш ауыл тұрғындары үшін Мырзакенттен жаңа қалашық бой көтерді. 386 үйдің ішінде 196 тұрғын үйі үкімет резервінен бөленген қаражат есебінен, 150 үй Болат Өтемұратов қорының қаржысына салынды. 40 баспана «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қоры мен «Салиқалы ұрпақ» қорларының қолдауымен бой көтерді.

«Біздің қорымыздың құрылтайшысы Болат Өтемұратов қазақстандық меценаттар ішінен алғашқы болып көктемде болған апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуді шешті. Ол 6 млн. АҚШ долларын бөліп, оларды апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасына арнап үй салуға жұмсады. Бұл өңірдің қайта құрылуына ең қомақты үлес және салынған үйлердің ең жоғарғы саны боп есептеледі.  Жобаны іске асыру барысында біз ең жақсы материалды таңдап, жұмыс сапасын қатал қадағаладық. Пандемия мен карантинге байланысты қиындықтарға қарамастан, төрт айдың ішінде жобаны орындадық», – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Тұрғындардың қуанышын бөліскен Премьер-министрдің орынбасары Р. Скляр мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев баспаналы болған 2 отбасының шаңырағына кіріп, құтты болсын айтты.

  • Танымал
  • Пікірлер
  • Соңғы жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ АБАЙ ӨЛЕҢІМЕН БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ АБАЙ ӨЛЕҢІМЕН БАСТАЛДЫ

01/09/2020
Шымкентте екінші Аналар үйі ашылды

Шымкентте екінші Аналар үйі ашылды

04/09/2015
ЖҰМА НАМАЗ ҚЫСҚАРТЫЛЫП ОҚЫЛАДЫ

ЖҰМА НАМАЗ ҚЫСҚАРТЫЛЫП ОҚЫЛАДЫ

30/07/2020
ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!  РЫСҚҰЛОВ-ҚОНАЕВ ҚИЫЛЫСЫНДА ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! РЫСҚҰЛОВ-ҚОНАЕВ ҚИЫЛЫСЫНДА ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

13/10/2020
ОТЫРАР ӘКІМІ «АВАНС» АЛДЫ

ОТЫРАР ӘКІМІ «АВАНС» АЛДЫ

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚАШАН ҚҰТЫЛАМЫЗ?

Жаңалықтар 10.02.2017

1 НАУРЫЗ –ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

1 НАУРЫЗ –ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Шымкенттегі Бозарық подстансасы мамыр айында  пайдалануға беріледі

Шымкенттегі Бозарық подстансасы мамыр айында пайдалануға беріледі

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

02/03/2021
ШЫМКЕНТ: ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛІП, ЖАСТАРДЫҢ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛІП, ЖАСТАРДЫҢ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

25/02/2021
ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРҒАН 15 ЖАҒДАЙ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРҒАН 15 ЖАҒДАЙ АНЫҚТАЛДЫ

25/02/2021
ШЫМКЕНТ: 1 НАУРЫЗДА ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН САМОКАТ-ШЕРИНГ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: 1 НАУРЫЗДА ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН САМОКАТ-ШЕРИНГ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

23/02/2021
NAR.TV


Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі байланыс,ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 2015 жылы 2 ақпанда берілген.

ТЕЛЕАРНА ТУРАЛЫ

  • БАСТЫ БЕТ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА БЕРУ
  • ХАБАРЛАНДЫРУ
  • БАЙЛАНЫС

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: nartv2015@mail.ru
Телефон: 7252-39-52-39, +7 771 661 41 41
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Жибек Жолы 57Б

© 2020 / NAR.TV телеарнасы / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Хабарландыру
  • Бағдарламалар
    • Ашық әңгіме
    • Бір ауыз сөз
    • Ерікті
    • Жастар лайф
    • Жүз жаңа оқулық
    • Қайсар жандар
    • Мәдени астана
    • Нар терме
    • Нар тілек
    • Нар тұлға
    • Саулығыңды түзе
  • Жаңалықтар мұрағаты
    • Қоғам
    • Білім
    • Бизнес және Экономика
    • Қылмыс
    • Мәдениет
    • Медицина
    • Оқиға
    • Спорт

© 2020 / NAR.TV телеарнасы / Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Create New Account!

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist