ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КӨПТЕП ТАРТЫЛАДЫ

Шымкентте алдағы 3 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылып, оған 2,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылады.  Нәтижесінде  2 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылатын болады.

Есепті жиында шаһар басшысы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жоспарымен бөлісті. Яғни, алдағы үш жылда бизнестің жол картасы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 300 жобаға қолдау көрсетілмек. Ондағы жобалардың құны — 3,3 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде салада жұмыс істейтіндер саны  148 мыңнан 175 мың адамға дейін көбейеді. Жалпы өнімдегі үлесі 27 пайыздан 33 пайызға жеткізілмек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *