АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 42 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Есепті кездесуде білім саласының дамуына ерекше назар аударған қала әкімі жаңа оқу жылында оқушылар саны 10 мыңға өскенін атап өтті.  Бала санының өсіміне байланысты жылына жаңадан 7-8 мектеп салу қажеттілігі туындайды. Алдағы үш жылда 42 мектептің құрылысы, 25 мектеп және 8 балабақша күрделі жөндеу жұмыстары жүреді.

Биылғы жылы бюджет есебінен  7 020 орындық 12 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жыл соңына дейін 5 700 орындық 7 мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан басқа,  мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 9 800 орындық 10 мектептің құрылысы басталуда. 

Нәтижесінде 19 үш ауысымды мектептің 15-сі, типтік емес 6 мектептің 5-нің мәселесі шешімін таппақ. Өткен үш жылда бюджет есебінен 12600 орындық 19 мектеп, 535 орындық екі балабақша салынған. Осылайша, балабақшамен қамту көрсеткіші 85 пайыздан өткен жылы 99 пайызға жетті. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс арқылы 8 мың орындық 15 жекеменшік мектеп ашылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *