ТАСАДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ТАСКЕШУЛІК ТҰРҒЫНДАР

Сайрам ауданына қарасты елді-мекен Шымкенттің шекарасы аяқталған тұста орналасқан. Тұрғындардың басым бөлігі қалаға қатынап қызмет қылады. Оқу оқитын балалары тағы бар. Әйтсе де, арада қатынап жатқан бірде-бір қоғамдық көлік жоқ көпшілік.  Қаладан осы бағытта жүретін автобустар шаһардың шекарасы аяқталысымен шірене кері бұрылатын көрінеді.

ЖАЙЛЫХАН ҚАБЫЛБЕКОВ — ТАСКЕШУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

» Жұрттың бәрі Қытайға ермекке барып келіп жатыр, Мысалы мына кісілерді мен қазір көрші ауылдан алып келдім, Қолдары толған сөмке, бері қарай жете алмай тұр. Арзымайтын бір-екі шақырым жерге.  «

Бұл Таскешудегі жалғыз түйткіл емес, жарық та жел тұрып, жаңбыр жауған сайын жылпылдап сөне беретін ұқсайды. Жолдың өзі де, одан жұрттың жүйкесі де жұқарып біткен. Мұның барлығы Таскешудің бөлініс кезінде тасада қалып қойғандығынан дейді.

ЫРЫСКҮЛ ОРЫНБАЙҚЫЗЫ — ТАСКЕШУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫАудан орталығы Беловодқа барамыз, Ол үшін через Шымкент арқылы баруымыз керек. Автобуспен барсақ. Болмаса біреудің көлігін жалдаймыз айналайын апаршы сонда деп.

Әкімдіктегілер болса, мән-жайдан хабардар. Сұраныс бойынша қаладағы Тұран компаниясымен келісіп автобус жүргіздік дейді. Алайда, ол бағыт өзін-өзі ақтамағандықтан жұмысын тоқтатыпты. 

РЫСҚҰЛ ЕСБОЛАЕВ — ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

«Біріншіден жеке кәсіпкер болса, бізде қазір Сайрамда қызмет көрсететін «Янс» ЖШС бар, сол арқылы қалаға маршрут әпереміз. Мен мына уақыт деп айта алмаймын. Сол елді мекеннен кәсіпкер шықса сол арқылы шешеміз. «

Сонымен қатар, әкім округ бюджетінен алдағы жарты жылдықта ауылға трансформатор алынады деп уәдесін берді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *