СУДАН ТӨНГЕН ҚАУІП

Шымкент шетіндегі бірнеше тұрғын алаптарға судан қауіп төніп тұр. Әсіресе, өзен жағасына жақын орналасқан үй тұрғындары ұйқыдан айрылған. Судың ағысы күннен-күнге күшейіп, арнасынан тасуға шақ. Дабыл қаққан тұрғындар төтеншеліктерді аяғынан тік тұрғызды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өзенге жақын орналасқан аумақты аралап шықты. Өзен деңгейі әлі де көтерілетінін жасырмады. Өйткені таулы аймақта қар қалыңдығы әдеттегіден 12 сантиметрге көп деп отыр. Яғни, сел кез келген уақытта болуын мүмкін екендігін ескертуде. Бұл орайда департамент өкілдері судан келетін қауіпке дайын екендігін айтып, баспасөз мәслихатын өткізді.

НҰРБОЛАТ ДЕРБИСОВ – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ : ТЖД-нің құтқару қызметі су тасқынынң алдын алуға толығымен дайын деп айтуға болады. Және коммуналдық шаруашылық қызметтері. Ендіқаланың өсуіне байланысты шалғай жатқан елді мекендердекөптеген үйлер салынып, ирригациялық жүйелер жоқ. Қазығұрт, Қайнарбұлақ елдімекендерде. Құрсай елдімекендерінде ирригациялық жүйе болмағандықтан қатты жаңбыр жауған кезде аулаларына су кіріп жатады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *