ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕГІШ БАЛА ЖҰЛДЫЗ АТАНДЫ

Сайрамдағы көшелердің бірінде қалыптасқан жол қозғалысын реттеуге тырысқан бала әлеуметтік желіде жұлдыз болып шыға келді. Видеоны тамашалаған көпшілік басым бөлігі балақайға ізгі тілектерін жолдаса, енді бірі өз қорқыныштарын жеткізді.  Бұл жағдай құзырлы орган өкілдерінің де назарынан тыс қалмады. Олар жол реттегіш балақайды тауып, департамент бастығының алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, велосипед мінгізді.  

Дастан Өміртаев болса, әлеуметтік желіде жұлдыз боламын деп ойламады. Оқиға орын алар сәтте жүзу үйірмесінен қайтып келе жатқан.Қоғамдық көліктен түсе сала, көшедегі кептелісті реттепті.

Оның бұл қылығына қызыққандар алғыс айтып, арнайы шақырып, құрмет көрсетуде,. Солардың бірі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ұжымы. Олары желінің жұлдызымыен танысып, депозит ашып берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *