АЮПОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН TEDX ФОРМАТЫНДА ӨТКІЗДІ

Тedx форматында өткен кездесуге келген түркістандықтар әкімдерінің жаңашыл екенін бірден сезінді. Халыққа ашық әкімдіктің үлгісін көрсеткісі келді ме, келушілерді шайымен күтіп алды. Жасы кішілерін арнайы жабдықталған бөлмеге бөліп, үлкендерін алдыңғы қатарға отырғызды. Қарашаға түсініксіз ресми тілден гөрі қарапайым сөзбен ұғындырып, киелі шаһардың даму жоспарымен таныстырды. Оны атқаратын бөлім басшыларын көпшілікке көрсетіп, бірге жұмыс істеуге шақырды. Айтпақшы, өңір басшысыӨмірзақ Шөкеевтің өзі де қатысып, шетел көрген маманға артылған жүктің ауыр екенін айтты.Әкімнің есептік кездесуінен мұндай жылылықты күтпеген келушілер аң-таң. Су жаңа әкімдерінің әр сөзін мұқият тыңдап, атқарылар жобалармен танысты. Тағайындалғанына бес ай болса да, тарихы терең қаланың ой-қырын зерттеп, күрмеулі мәселелерін тізіп алыпты. Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі: «Өте маңызды бағыттың бәреуі бұл абаттандыру. Абаттандыру бойынша білесіздер бізде біраз жұмыс өткен жылы орындалды. Айта кететін брлсақ. Қалада бар жоғы 188 мяң ағаш болатын. Бұрынғыдан келе жатқан. Оған осы Өмәрзақ Естайұлының тарсырмасымен 177 мың ағаш отырғызылды. Оның ішінде 148 мыңы бюджеттен болса қалғаны үкіметтік емес ұйымдардан және кәсіпкерлер есебінен қойылды. Бұған қосымша қаланың ішінде көгалдандыру бағыты бойынша 19 мың ағаш өзіміз қосымша ектік. Қазір 17 кіші ұңғыма 41 үлуен ұңғымамыз бар. Ол жұмыстар ары қарай жалғастыратын болады және де 187 километрдей тамшылап суару орнатылды. Бұл жұмыстар ары қарай жалғасатын болады».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *