ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІ ЖАСАРЫП БАРАДЫ

4 ақпан — дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күн. Қазақстандағы әрбір жүзінші адам обыр дертімен күресіп келеді. Дәрігерлер жыл сайын кесел белгілері бар 35 мың адамды тіркейді екен. Өкінішке қарай, ауруды жеңіп, құлан-таза айығып кететіндердің қарасы аз. Жыл сайын шамамен 15 мың адам жаман аурудың құрбаны болады. Ал мемлекеттен тегін ем-дом мен скрининг жүргізу үшін 40 млрд теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1800-ге тарта шығысқазақстандық, 1600-ден аса алматылық тұрғын ісік ауруына шалдыққан. Дерт дендеген өлкелердің бірі – Қарағанды облысы. Мұндағы халықтың 1200-ден астамы обырдан емделіп жатыр. Ал Шымкентте күніне бес адамнан қатерлі ісік анықталады. Мамандар бұл дерттің жастар арасында дендеп бара жатқанын айтып дабыл қақты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *