БАЛАЛАР ГАЗДАН УЛАНЫП ҚАЛДЫ

Оқыс оқиға Шымкенттегі «Қаршыға» балабақшасында орын алған. Қазір мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Әзірге белгілісі уланған бүлдіршіндер таксикология орталығына жеткізілген. Ауруханаға нешеуі түскені белгісіз, тек екі балақай орталықта дәрігерлердің қадағалауында қалған. Жаппай газдан улану оқиғасының мән-жайын төтенше жағдайлар департаменітінің басшысы баяндайтын болады.
Балалардың газдан уланғанынан қалалық білім басқармасы да хабардар. Жекеменшік бақшада тексеру жүргізілетінін жеткізді. Толығырақ кешкі қортынды жаңалықтарда айтатын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *