ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫС ӘКІМДІГІ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ ЖАСТАРҒА 10 ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНАДЫ

Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Осы орайда, Түркістан облысы әкімдігі басшылығы жүйелі жұмыс жүргізіп, аймақтың даму қарқынын одан әрі жоғарылату үшін ең білікті резервистер басшылық лауазымдарға тағайындалуда. Бүгін «Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Самат Рамазанов тағайындалды. Самат Маратұлы 1985 жылы Қостанай облысында туылған. Заңгер, халықаралық мамандығы бар. 2002-2016 жылдары түрлі мемлекеттік қызметте болды. 2016 жылдың маусым айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін квазимемлекеттік секторда әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2019 жылғы наурыздан бастап «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамында еңбек етті. Айта кету керек, Президенттік жастар кадрлық резерві туралы Елбасының бастамасын жүзеге асыру үшін облыс әкімдігінің басшылығы жүйелі жұмыс жүргізуде. Түркістан облысы кадрлық резерв бойынша 10 лауазымдық қызметкерді қабылдауға дайын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *