ҚЫТАЙҒА ҚАТЫНАС ТОҚТАТЫЛДЫ

Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады. Бүгіннен бастап, Қытай мен Қазақстан арасындағы жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды. Ал екі күннен кейін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады деп шешілді. 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылатын болды. Сондай-ақ, қытай азаматтарына визалар беру тоқтатылды. Айтпақшы, 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис кубогын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласын ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Сондай-ақ 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізуге тыйым салынды. Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *