ТҮРКІСТАНДА ӨТЕТІН НАУРЫЗ ТОЙҒА ГОЛЛИВУДТЫҚ РЕЖИССЕР КЕЛЕДІ

Әлеуметтік желіде көп талқыланған тақырыпқа нүкте қойылмақ. Режиссер Майкл Бэй 21 наурызда Түркістанға келетін болды. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов голливудтық режиссер Майкл Бэйді Қазақстанның рухани астанасында екі күн қонақ болуға шақырды. Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында әкіммен хат алмасқан, онда ол шақырудың мерзімін көрсетуді сұраған. Түркістан әкімі режиссерді 21 наурызға — Наурыз мерекесін тойлауға шақырды. «Егер Түркістанға келетін болса, оңтүстіктің қонақжайлылығын көрсететін боламыз. Ол Түркістанда қандай адамдар тұратынын білсе дейміз. Егер фильм түсіреміз десе, әрине көмектесеміз», — деді Рашид Аюпов. Еске салайық, Түркістан әкімі осыған дейін Майкл Бэйді шақырған еді. Рашид Аюповқа «Призрачная шестерка» фильміндегі «Тургистан» деген сөз ұнамаған, ол Қазақстанның рухани астанасы Түркістанмен ұқсас айтылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *