АЯЗ ҚЫСА БАСТАДЫ

Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады. Синоптиктер 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 35 градусқа дейін сарышұнақ аяз қысатынын хабарлайды. Мәліметтеріне сенсек, алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аяз болуы ықтимал. Ал батыс өңірлерге жылы атмосфералық ауа ағындары ауысып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасы бірден көтеріледі», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *