БЕТПАҚДАЛАДА 3 АДАМ ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

Бетпақдалада 3 адам із-түссіз жоғалып кетті. Келіп түскен мәлімет бойынша 24 қаңтарда 1968, 1974 және 1977 жылы туған 3 ер азамат туыстарымен ұялы телефонымен хабарласып, Қарағанды облысы Қаражал кентінде екендігін айтып, Түркістан облысы Бетпақдалаға «Шансиман», «Камаз» және «Ман» автокөлігімен шығатындығын хабарлаған. Алайда, жолаушылардың туыстары 2 тәуліктен бері жақындарынан хабар ала алмағандықтан тиісті органдарға хабарласқан. Құтқарушылар қазірде, нақтыласақ, 27 қаңтарда сағат 07.00-ден бастап іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 1 қызметкер және 1 жергілікті тұрғын-аңшы жұмылдырылды. Сағат 11.20 жағдайы бойынша іздестіру нәтиже берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *