Шымкенттік 60-тан астам шенеунік түрмеге жеткізілді

Шымкенттік 60-тан астам шенеунік түрмеге жеткізілді. Қатарында аудан әкімдерінен бастап, олардың орынбасарлары мен қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары бар. Даурықпаңыз, бұл барыстың мақсаты Ич-167/11 мекемесіндегі ахуалды көзбен көрсете отырып, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың түбі қайда жеткізетіндігін ұғындыру болатын. Шараны ұйымдастырушы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері осылай дейді. Түзеу мекемесіндегі тіршілікпен түгелдей танысып шыққан шенеуніктердің кейбірі мұнда расында да қорқынышты екендігін жасырмады. Айта кетейік, қазірде Ич-167/11 мекемесінде 500-ге жуық азамат отыр. Олардың 40 шақтысы бұрын мемлекеттік қызметте болғандар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *