Зейнеткердің ақшасын ұрлаған азамат ұсталды

Шымкентте зейнеткердің қалтасын қақу оқиғасы 5-қаңтар күні тіркелген. Сол күні қаладағы банкоматтардың біріне келген 86 жастағы қартқа бейтаныс азамат көмегін ұсынған. Алаңсыз сенген оны алдап, 100 мың теңгеден астам ақшасын алып, қашып кеткен.
Зейнеткер дереу полицияға хабарласып, арызданды. Полицейлер қырағылық танытып, ізін суытпай күдікті ұстады. Ұсталған азамат бұрын бірнеше рет сотты болған Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Аталған жайт Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Полиция азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *