УНИВЕРСИТЕТ БАЗАСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ» БАСҚАРМАСЫ АШЫЛДЫ

9-желтоқсан Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қарсаңында қаладағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Парасаттылық» басқармасының ашылу салтанаты өтті. Аты дардай «Парасаттылық басқармасының» мақсаты – сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу, студенттерде парасаттылық мәдениет қалыптастыру, олардың бойына адалдық қағидаттарын сіңіру, университет базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу болып табылады. Бұл басқарма «Шымкент-адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе жұмыс жүргізеді. Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық білім беру мекемелерінде «Парасаттылық мектептері» ашылуда. Шымкент қаласы да алғашқылардың қатарынан көрініп, басқарманы университет базасында ашып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *