ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА АТАУМЕН АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРДЫ

20 жылдық тарихы бар оқу орны, жаңа атаумен алғашқы түлектерін ұшырды. Бұл күн – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ұжымы мен түлектері үшін ерекше есте қалады. Өйткені, бұл күні алғаш рет университет тарихында Әбдімұса Мұратұлының атындағы диплом тапсырылады. Яғни, осы оқу орнының негізін қалаушы, құрылтайшысы Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Нью – Йорк Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, П. Капица атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты — Куатбеков Абдімұса Мұратұлы болып табылады. Бүгінгі таңда атауы өзгерген  университет алғашқы түлектерін жаңа өмірге қадам басуына ықпал етіп отыр.

Жалпы 2018-2019 оқу жылында университеттен бакалавриат пен магистратура түлектеріне 42 мамандық бойынша диплом табысталды. Соның ішінде 74 бітіруші түлек ерекше үлгідегі диплом алды. Марапаттау рәсіміне қала және облыс әкімдігінің басшылары, түлектердің ата-аналары және жұмыс беруші мекемелердің басшылары қатысты. Сонымен қатар, салтанатты кештің арнайы қонағы ҚР Мәдениет қайраткері, әнші-сазгер, университеттің құрметті профессоры Марат Омаров болды.

Диплом тапсыру рәсімінде алғашқы сөзді оқу орнының ректоры,м.ғ.д., профессор,Түркістан облыс мәслихатының депутаты Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова ашып беріп, түлектердің алғашқы легіне диплом тапсырады. Кеште барлық бітірушілерге дилом табысталып,бітіруші түлектердің құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Соңынан бітіруші түлектер университет тарихында алғаш рет, АНТ беру салтанатын өткізіп, орыс драма театры алдында арман тілектері жазылған шарларды аспанға ұшырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *