nar-online

muragat

whatsapp whatsapp +77716614141

Сабыр Айтхожиннің туылғанына-120 жыл

0

1,5 сағатқа созылған кеш мұражайдың ғылыми қызметкерлерінің баяндамасынан басталды. Олар алаш ардақтыларының өмірбаяндарына тоқталып, Сабыр Аитхожин мен Апбаз Қаламбаевтың белгісіз тұстарын айтты. Сондай-ақ қаламыздағы жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Шешендік өнер» үйірмесінің шәкірттері Сабыр Айтхожиннің тұтқындалуы жайлы көрініс көрсетті.

Жиырмасыншы ғасырда еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан  Сабыр Аитхожин туралы тың деректер мен мәліметтерді Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатынан табуға болады. Ал Апбаз Қаламбаев туралы өкінішке орай ешқандай құжаттар сақталмапты.

Райгүл ҚАЗІРЕТӘЛІҚЫЗЫ — ОҚО мұрағатының орхеографы — Сабыр Аитхожиннің жеке құжаттары жинақталған олардың көпшілігі фото құжаттары , өмірбаяндары. Ол құжаттар түп нұсқада емес. Түп нұсқада 1-2 суреттері бар. Бұл құжаттардың жинақталуына Сабыр Айтхожиннің ұлы Эміл Айтхожин көп атсалысқан.

Бүгінгі кешке Апбаз Қаламбаевтың тұңғыш ұлы Шора Қаламбаев та қатысты. Он перзенттің тұңғышы әкесінің өмірде мейірімді, талай жанға көмек қолын созған адал жан болғандығын сөз етті.

Шора ҚАЛАМБАЕВ — Апбаз Қаламбаевтың ұлы — 32 жылы прокурор болды. Прокурор болғанда қазақтың жақсы адамдары түрмеге қамалды. Соларға қолымнан келгенше көмек қолымды создым деп айтып жататын.

 

Пікіріңізді білдіріңіз