«Аналар үйінің» ең басты мақсаты сәбилерді аналарынан айырмау. Көп ретте барар жері, баланы асыруға жағдайы болмаған соң жас аналар өз шақалақтарын перзентханада тастап кетеді екен. Ал бұл үй соңдай жандарға уақытша демеу. Қазір мұнда сегіз ана тұрып жатыр. Әрқайсысының тағдыры әр қилы. 30 жасар Маржанның 10 айлық қызы бар. Өмірде жолы болмай қиналғанда бауырлары одан бас тартыпты. Барар жері қалмаған соң, құрбаларынан Ана үйінің бар екенін естіп, әлеуметтік желіден іздеп тапқан екен.
Маржан — жас ана — Бұнда келгеніме еш өкінбеймін. Егер ертерек білгенімде босана салып келер едім. Ешқандай қиындық көрмей. Жағдайымыз жаксы. Медсестра бар. Балаға қарауға барлық мүмкіндік бар.
Республикада 28 қоғамдық қор 14-пен 30 жасар 800-ден астам жас аналарға көмек көрсетті. Мұнда жас аналарға психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қоғамдық қор балаларды балабақша орналастырып, аналарға қалауынша мамандық алуға көмектеседі.
Оксана Браткова — Ана үйі қоғамдық қоры жобасының координаторы — Біздің әлеуметтік жоба өмірде қателесіп, одан шығар жол іздеген аналарға көмек қолын созады. Алайда, болмашы дүниеге отбасымен араздасып, осында пана табуға шақырмайды. Күйзеліске түскен жас аналармен мұнда білікті мамандар жұмыс жасайды.
Психологтардың айтуынша аналар үйінің ашылуы қоғамға кері әсерін тигізбейді. Керсінше, тағдыр тәлкегіне түскен жас аналарға қауым болып қолдау көрсету керек.
Бахыт ДОСМЫРЗАЕВА — психолог — Олар баласымен бірге жалғыз қалғанда материалдық шығыннан бөлек көніл күй болмайды психологиялық әркім өзі біледі ғой не ойлауды, но егер оларды біз қолдамасақ оларға қиын болады.
Жесірін жатқа бермеген, жетімін жылатпаған қазақы қасиет бүгінгідей қатыгездігі басымдау қоғамда керек-ақ. Осындай имандылық қадамдарына кәсіпкерлердің ұйытқы болып, «Аналар үйін» ашып жатқаны қуантады. Бүгінде облыс бойынша ашылған 2 Аналар үйінде 52 жас ана мен балаға көмек көрсетіліп жатыр.